Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаз айларында дерттердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі Гепатит В және С аурулары мен таз аруын шаһарымыздағы сұлулық салондарынан жұқтыру қауіпі жоғары

c 00:00, 29/06/2015 c 768

0:00 / 0:00

Бұл туралы Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары мәлімдеуде. Осыған орай тазалық сақшылары қаламыздағы сұлулық салондары иелерінің басын қосып, арнайы семинар оздырды. Берілген мәліметтерге сүйенсек, Орал қаласында 180 сұлық салоны мен шаштараз орындары жұмыс жасауда. Алайда бұл тек ресми түрде тіркелгендері ғана. Күн сайын мыңдаған қала тұрғындары сұлулықтың сиқырын меңгерген мамандардың көмегіне жүгініп, өз қаражаттарын кетіруде. Алайда кейбір сұлулық салоны өздерінің пайдаланылатын құралдарын өңдемейтін көрінеді. Соның салдарынан түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуда. Мәселен,сіз жай ғана тырнақтарыңызды әрлендіріп жатқан кезде, саусағыңызды кесіп алған жағдайда түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуыңыз әбден мүмкін. Өйткені сұлулық мекеніне келген тұтынушылар өздерінің қандай аурулармен ауратындығын айтпайтыны хақ. Сол себепті де барлық құралдар арнайы өңдеуден өтуі аса маңызды. Қала тұрғындарының назарына! Кез келген сұлулық салонына келген кезде міндетті түрде құралдардың арнайы өңдеуден өткендігін дәлелдейтін құжаттарды сұрау қажет. Себебі сұлулыққа құштАрлығыңыз сізді айықпас дерте шалдықтыруы ғажап емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.