0:00 / 0:00
Жол көлік оқиғалары мәселесі жауыр болған тақырып болғанымен, апат саны жыл санап көбейіп келеді. Биылғы жылдың қаңтарының өзінде 11 жол оқиғасы тіркеліп, 2 адам мерт болса, 9 адам жарақат алғаны белгілі. Аяқ астынан болған апаттың алдын алу үшін қала аумағында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын-алу шарасы өтуде. Рейдке шыққан тәртіп сақшылары жол бойын тексеріп, ереже бұзған тұрғындарды тұзақтауда
Жанболат Өтеулин
Қала тұрғыны
Жұмысқа асығып, тыйым салынған жерден өтіп кетіп едім, айыппұл салды. кінәлімін.
Екі күнге жалғасатын акцияның негізгі мақсаты да осы - жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, болдырмау.Бүгін рейдке шыққан тәртіп сақшылары ірі сауда орындарының аумағын тексерді.Сондай-ақ, қалада орнатылған "өтуге болмайды деген" жол белгілері маңын назарға алды. Егер жаяу жүргінші тыйым белгісіне мән бермесе,5 айлық есептік көрсеткіш негізінде әкімшілік айыппұл салынады.
Динара Абдулхалықова
Орал қалалық ііб жпқ аға инспекторы
қала тұрғындарына ескертеріміз, жолды тыйым салынған жерлерден кесіп өтпеңіздер! Әсіресе қысқы мерзімде жүргізушілердің оқыс тоқтауы қиындайды. Сондықтан да сақтық шараларына мән берген жөн
Алайда ескерту берілген тұрғындардың да айтар назы табылды. Өзін Мұрат деп таныстырған қала тұрғынының Құрманғазы-Евразия бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерасты жолының жағдайына көңілі толмайды. Өзіміз де байқағандай, қолаңса иіспен қатар ол жердегі қоқыстан да көз ашылмайды. «Қыс бойы қары да ашылмайды» деп налиды оралдық тұрғын.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары болса, Құрманғазы көшесі бойындағы жер асты жолы жергілікті кәсіпкерлердің біріне сенімгерлік басқаруға берілгендігін алға тартты. Алайда, кәсіп иесі өзіне жүктелген міндетті орындамай отырғанға ұқсайды. Айта кетелік, қаламызда жаяу жүргіншілерге арналған осындай 8 жерасты жолы болса, оның алтауы кәсіпкерлердің басқаруына берілген, ал қалған екеуі ТҮКШ бөлімінің теңгерімінде.