0:00 / 0:00
Қаламыздағы "Ет комбинаты" ауданының тұрғындары "жаяу жүргінші жолағын" салып беруді сұрайд(ы). Өйткені сол маңда орналасқан №33 мектепте оқитын оқушылар дүкенге бару үшін жолды кесіп өтед(і) екен. Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналар арнамызға хабарласып, өтініштерін айтты. Аталмыш мәселенің мән-жайын тілшіміз Ақниет Ғаллам анықтап қайтты.
Тұрғындардың өтінішін арқалап, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бардық. Сала мамандары мәселелі мекенді өз көздерімен көрмекке бекініп, «жаяу жүргінші жолағын» сұраған жолға келді. Жауаптылар аймақты жан-жақты зерделеп болған соң шешімін айтты.
АЛЬБЕРТ БЕКМҰХАМБЕТОВ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Ағымдағы жылы 33 мектепке қатысты мына жолдың бойында орналасқан жаяу жүргіші өткелін алып тастап, оны ана жерге көшіреміз және осы жолға қиылысатын көлік жолының бойына да жаяу жүргінші өткелін орнатамыз. Өйткені осы қиылысатын екі көлік жолының жанында жаяу жүргінші жолы бар. Тұрғындар сұрағандай тіке дүкеннің алдына жаяу жүргінші жолағын сала алмаймыз. Себебі ол жерде көлік тұрағы орналасқан, ол да адам өміріне қауіпті. Аталған жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз.
Жауаптыдан жауап алдық. Енді қыркүйекте уәде еткен жұмыс жобасының орындалуын күтейік!