0:00 / 0:00
Қалалық әкімдік пен полиция қызметкерлері әкімшілік кодекстің 505-бабын аяққа таптап, абаттандыру ісінде салғырттық танытып жүрген кәсіпкерлердің жолын кесу үшін арнайы рейдке шықты. Шараның мақсаты өзіне тиесілі аумақта қар жинамаған кәсіпкерлермен күресу.
Облыс орталығында кәсібін дөңгентіп, бірнеше адамға жұмыс орынын ұсынып отырған кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Олардың жұмыс жасауына мемлекет мүмкіндік жасағаны мен кәсіпкерлердің де жауапкершілігі мол. Бірінші кезекте, бизнес субьектілері қаланың абаттандыруына үлес қосып, өздеріне тиесілі аумақты тазалап, жинауға міндетті. Бұл тапсырманың орындалуы әсіресе, қыс айларында қиындай түседі. Кәсіпкерлер өздеріне тиесілі аумақты қардан тазартып, ақ ұлпаны арнайы полигонға жеткізуі шарт.
Қалалық әкімдік пен полиция қызметкерлері қар тазаламай, жұмысына салғырттық танытқан кәсіпкерлермен күресу үшін арнайы рейдке шықты. Сала мамандары бұған дейін ақ ұлпаны жинамаған бизнес субьектілеріне ескерту берілгендігін айтып отыр.
Қарды тазаламаған кәсіпкерлермен күрес алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.