0:00 / 0:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдағы жұмысын Астананың білім ордаларын аралаумен бастады. Ақорданың хабарлауынша, Президенті заманауи форматта білім беріп жатқан мектептерді аралап шықты. Одан әрі Еуразия ұлттық университетіне ат басын бұрды. Бұл жерде Мемлекет басшысына ғылым және жоғары министрі оқу ордасында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде және жатақхана проблемасын қалай шешіп жатқанын баяндады. Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар студенттердің де жағдайы жасалған. Кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай салынған.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Азия Даму банкімен мемлекеттік-жекменшік әріптестік бағдарламасын әзірлеп, жеке инвестиция тарта отырып жатақхана салынды. Соңғы 3-4 жатақханалар құрлысы жүріп жатыр. 62 мың орындық жатқхана салып, бұл проблеманы шештік. Астанада жатқхана тапшлығы толығымен жабылды. Одан әрі Алматы бойынша мәселені шешеміз».
Өз кезегінде Тоқаев жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, білім беру саласындағы және жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ, қазір елді алаңдатып отырған метапневмовирусқа қатысты өз пікірін айтты.
Өткен жылы республика бойынша 11 079 орындық 40 жатақхана пайдалануға берілген. Биыл Астана қаласының өзінде 3400 орындық 7 жатақхананы іске қосу жоспары бар. Сондай-ақ, Ақорданың хабарлауынша, Президенті QazSwimAcademy спорт орталығында болды. Бұл Астана заманауи форматтағы спорт орталығы болып табылады. Мұнда бірнеше бассейн бар. 25 бағыт бойынша топтық жаттығулар жүргізіледі. Кәсіби жаттығу залы да бар. Одан әрі Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді. Білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға арналған. Мектептің кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн де бар.