0:00 / 0:00
"Жасыл ел" еңбек жасағы 15-ші науқанын бастады. Биылғы еңбек маусымында мыңнан аса жас жұмыспен қамтылмақ. Олар жаз бойы қаланы көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ат салысады. «Жасыл ел» - жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналды. Бағдарламаның басты мақсаты- қоршаған ортаның тазалығын сақтап, жасыл-желекке айналдыру. Сол арқылы отанды сүюге, табиғатты аялауға үйрету. Оралдық жасыл елдіктер республика бойынша алдыңғы орында келеді. Мәселен «Жайық» тобының құрамында 40 студент бар. Олар бүгін "Жеңіс" алаңындағы көпжылдық гүлдерді күту шараларына жұмылдырылды. Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Енді олар бекітілген бағыт бойынша бөлініп, өз жұмыстарына кірісті. Күні бүгін 338 жас жұмысқа араласуда. Әрқайсысы 60 мың теңге көлемінде жалақы алды. Жұмыс күні дүйсенбі мен жұма аралығында болады. "Жастар жылы" аясында қосымша жұмыс берушілер есебінен қаражат қарастырылған.