0:00 / 0:00
Еліміздің аумағында 2005 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы биылғы жылы туған жерін көркейтуге білек сыбана қызмет еткісі келетін жастарды жұмысқа қабылдауға даяр. Былтырғы жылы өңірімізден 1200-ге жуық жас «Жасыл ел» жасақтарында еңбек еткен. Биылғы жылы сала мамандары туған жерді көркейтуге ат салысам деген жастарды қала мен аудандарда жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз, -дейді. Облыс көлемінде жасыл ел мен құрылыс жасақтары қанша жасты жұмыспен қамтиды?
Ақжайық өлкесінде бірнеше жылдан бері "Жасыл ел" мен құрылыс жасақтары жазғы мезгілде жұмыс жасағысы келетін жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жасыл елдің құрамында қызмет жасайтын жандар, қала мен облыс көлемінде гүлге қарап, қаланы абаттандыру жұмыстарымен шұғылданады. Оралдық көптеген студент бірнеше жылдан бері осы жасақтарда қызмет жасап келеді. Жыл сайын жастардың жаңадан құрамасы жасақталады.
Жастар ресуртық орталығының мамандары құрылыс басқармасының мамандарымен бірге келіссөздер жүргізіп жатыр. Құрылыс үшін жауапты мамандар белсенді студенттерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл былтырғы жылы құрылыс жасағында қызмет жасаған БҚМУ-дың студенті Саламат Ибрашев. Кейіпкеріміз, студенттердің баршасы жас күнінде құрылысқа араласқаны жөн деген пікірде.
Жастар ресурстық орталығы мамандарының сөзінше, жастардың жасаған еңбегі жақсы бағаланатын көрінеді. Жас мамандар ай сайын 50 мың теңгедей жалақы алып, ата -анасына көмектесе алады.