0:00 / 0:00
Өңірде әзірге карантиндік шектеулер болмайды. Өйткені аурушаңдық азайды. Дегенменде коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмыстары жалғаса береді. Оған қоса қазіргі таңда қариялар арасында екпе салуға басымдық жасалуда. Бұл туралы облыстың бар дәрігері Арман Қалибеков мәлімдеді.БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, ауру таралу көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан өірлерде карнтиндік талаптар күшейтілмейді.Соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 26,5 пайызға (282-ден 207-ге) кеміген. Ауруға қарсы вакцина салу жалғасуда. «Соңғы аптада мониторингтік топтар 60 рейд жүргізіп, 629 нысанды қамтыды. Соның ішінде 9 нысанның карантин талабын бұзғандығы анықталды. Сондай-ақ «Ashyq« қосымшасы бойынша 31 адамның үйлерінде оқшауланбағаны белгілі болды. Бұлардың 27-сі – «қызыл», төртеуі – «сары» мәртебесі бар адамдар.