Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастармен кездесу

c 14:47, 18/10/2018 c 726

0:00 / 0:00

Елбасы биылғы Қазақстан халқына жолдауында келесі 2019 жылды "Жастар жылы" деп атауды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс қазақстандықтардың көңілінен шығып отыр. Осыған орай, Елбасының биылғы жолдауын түсіндіру, облыс тұрғындарымен пікір алмасу мақсатында Ақ жайық өңіріне  шенділер, депутаттар мен түрлі министрлер арнайы келіп жатыр. Жақында ғана құрылған қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің басшысы Дариян ауылының жастарымен кездесті. Ауыл жастарымен болған кездесу жайлы толығырақ, арна тілшісі тарқатып берсін.

Елбасы жастарға ерекше көңіл бөліп, әрдайым оларды қолдау үшін жаңа реформаларды қабылдап, жастардың дамуы үшін ерекше жағдай жасап отырады. Жастардың мәселесіне ел президенті биылғы жолдауында да ерекше көңіл бөліп, келесі 2019 жылы жастар жылы деп жариялауға ұсыныс білдірген еді.

Ел ертеңі жастардың 43 пайызы ауылдық жерде өмір сүреді. Жастарды қандай мәселе толғандырады, ауылдық жерде жастардың дамуы үшін тағы қандай жұмыстар атқарылуы керектігін білмек мақсатта Дариян ауылына арнайы жастар және отбасы комитетінің басшысы табан тіреді. Ол жұмыс сапары барысында биылғы жылы ашылған "Шабыт" жастар коворкинг орталығының жұмысымен танысқан болатын.

Жастар үшін маңызды мәселенің бірі қолжетімді спорт нысандары екені белгілі. Комитет басшысымен кездескен Дарияндық жастар пікірлерін ортаға салды. Түрлі кәсіпті меңгерген жастар өскелең ұрпақ үшін футбол алаңдарын әрбір ауылға салып беруді сұрады.

 

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.