Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“Жастарға зор мүмкіндік”- БҚО-да жаңа жатақхана пайдалануға берілді

c 14:51, 06/02 c 1

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 30 орынға лайықталған Сырым колледжінің жаңа жатақхана ғимараты қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда колледжде ауыл шаруашылығы маманы, дәнекерлеуші,  электр жабдықтаушы, аспазшы және т.б мамандықтар бойынша 115 студент білім алуда.

Жаңа жатақхана ғимаратының ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, білім саласының ардагерлері, ұстаздар, студенттер және аудан тұрғындары қатысты.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл-жұмысшы мамандықтардың, оның ішінде еңбек адамдарының рөлі қоғамда барынша мәнге ие екендігінің белгісі. Осы ретте, елімізде техникалық және кәсіптік білімге үлкен мән берілетін болады. Себебі жұмысшы мамандықтардың басым бөлігі осындай білім ордаларында біліктіліктерін шыңдайды.  Қазіргі таңда облысымызда 35 колледж жұмыс істейді. Алдағы уақытта біз ескірген жатақханаларды жаңғырту жұмыстарын жалғастыратын боламыз”-деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Жатақханада кітапхана, акт залы, спорт зал, асхана, кір жуу бөлмелері бар.

Студент Али Набиолла аудан орталығындағы колледжге бірнеше шақырым жерде орналасқан ауылдан келіп қатынайтын. Енді жатақханаға орналасып, еш қиындық көрмейтінін айтты.

“Жаңа жатақхананың ашылғанына қуаныштымыз. Бұнда барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте білім алып, елдің дамуына үлес қосқым келеді. Президентке жастардың білім алуына зор мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз”-деді жас студент.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.