0:00 / 0:00
Орал қаласында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара жастарды жұмысқа орналастыруды көздейді. Бос орындар жәрмеңкесінде жергілікті 50 компания 800-ден астам вакансиясын ұсынған болатын.
Биыл 8000-нан астам жас жұмысқа орналасқан. Олардың 800-і осы бос орындар жәрмеңкесінде мамандығы бойынша еңбекке аралысыпты. Сала мамандары 2019 жылы жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі үшінші рет ұйымдастырылып отыр,- дейді.
Бос орындар жәрмеңкесінде 50 компанияның өкілі 800 бос жұмыс орынын ұсыныпты. Ауылдық жұмыс берушілерге мұғалім, дәрігер мен ветеринар маман қажет. Ал, қалада жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс басым.
Бос орындар жәрмеңкесіне келген жастардың қарасы қалың болды. Олар мамандығымыз бойынша жұмысқа уақытылы орналасу үшін жәрмеңкелерден қалыс қалғымыз келмейді,- дейді.
Көбіне көп жұмыс берушілер оқуын жаңа бітірген жас мамандардан еңбек өтілін сұрап, қызметке қабылдау барысында тәжірбиелі мамандарға бүйрегі бұрып тұратыны жасырын емес. Бұл фактор талай жастың өзге қызметке ауысып, күнелтуі үшін дипломын сандыққа салып қоюының себепкері болып отыр. Сала мамандары оқуды жаңа бітірген жандарға арналған "Жастар практикасы" жобасы жұмыс жасайтындығын айтады. Аталмыш бағдарлама 6 айға дейін жалақы алып, тәжірбие жинақтауға мүмкіндік береді.