Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастарды қаржылық сауаттылыққа үйретпек

c 18:34, 22/07 c 79

0:00 / 0:00

Қазақстанда 7,5 мың мұғалімді қаржылық сауаттылыққа оқытады. Ұстаздар мектеп оқушылары мен студенттердің білімін шыңдайды. Бұл туралы “Amanat” партиясы хабарлады. Игі бастама “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында іске аспақ. Осылайша жастарды үлкен өмірге дайындап, қаржысын тиімді басқаруды үйретуді көздейді.

Мектеп мұғалімдері мен колледж, университетте сабақ беретін оқытушылар арнайы семинарларға қатысады. Қатысушыларымен "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кездесті. Мәжіліс төрағасы ұстаздар білім әлеміне бағыттайтын тұлға, жастар мұғалімдерден үлгі алады,- дейді.

Жаңа пәннің мақсаты- қаржыны басқаруға үйретіп, тұрғындардың несиесін азайту.

Барлық қатысушылар жобаның маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сенсек, биыл 450 мың оқушы мен 100 мың студент қаржылық сауаттылық бойынша білім алады. Сондай-ақ, 200 мың адам қосымша оқыту курстарында оқиды.

Жобаның ұйымдастырушылары қаржылық сауаттылық бойынша білім ақшаны басқаруға, үнемдеуге және жауапкершілік алуға үйретеді,- дейді. Бұл қарыздың қамытынан арылуға, алаяқтарға алданбауға және кәсіпкерлік қабілетті арттырып, келешекке деген сенімді ұялатады.

сурет atr.kz сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.