0:00 / 0:00
Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 81 мыңнан асып жығылады. Жастарды жұмыспен қамту, баспана беру мәселесі Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында талқыланды. Қазір жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттерге жалдамалы пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ғана беруді бастады. Ал қалған өңірлердегі жастарды кім қолдайды? Дипломмен ауылға жобасы неге аяқсыз қалып жатыр? Жұмыссыз жастар саны неге өсіп кетті? Осы сұрақтарға жауап іздеген тілшіміздің репортажынан толығырақ
Жастарды жұмыспен қамту, баспана беру, кәсіпке тарту жол картасы әзірленді. Тіпті биылғы жыл Жастардың жылы деп жарияланды. Жастар мәселесін шешеміз деп қазынадан млрдтар бөлініп жатыр.
Алайда, үкіметтің қолға алған бұл ісі жүзеге асып жатыр ма? Баспанасыз біреудің босағасын пана қалып, жалдамалы пәтер жағалап жүргендердің басымы осы жастар. Әзірге тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ғана жастарға жалға пәтер беру мәселесі шешіліп тұр. Ал басқа өңір жастарына күте тұруға тура келеді.
Жастардың баспана мәселесін шешу үшін депутаттар «Бақытты отбасы» бағдарламасына жас отбасыларды енгізуді ұсынды. Ал жұмыссыз жүрген жастардың мәселесін қалай шешеміз?. Қолында дипломы бар жастарды «тәжірибең жоқ» деп жұмысқа алмау үрдісі сақталып отыр. Бүгінде жұмыссыз сабылып жүрген жастар саны 81 мыңнан асып жығылады. Бұл жастар арасындағы қылмысты арттырып, үміті үзілген ақылды жастардың шетелге кетуіне әкеп соғуда.
Бізде жас министрлер қатары көбейген. Парламентте де жас депутаттарды да кездестуріге болады. Ең жас мәжілісмен Геннадий Шиповских – 30 жаста. Ал жақында ғана депутаттық креслоға жайғасқан жас депутаттың бірі- Әлімжанов бұл жұмысқа еңбекке ерте араласудың арқасында келдім деп марқайды. Депутат болу үшін президенттің рөлін ойнау міндетті емес екен.
Жастар жылының аяқталуына екі ай қалды. Алайда, нақты жұмыс біткен жоқ. Жастардың қамын толық қамту үшін, келер жыл- «Волонтер жылы» деп жарияланып отыр. Жалпы елімізде 3 млн 800 мыңнан астам жас азамат бар.