0:00 / 0:00
Биыл Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінен мыңнан астам студент түлеп ұшпақ. Олардың қатарында 900ге тарта бакалавр мен 150магистр, 2 докторант бар. Студенттердің сәтті жұмысқа орналасып кетуіне оқу ордасы ерекше мән береді. Жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңкенің де биыл форматы өзгертілген. Осылайша, жұмыс орындар жәрмеңкесіне тек 4 курс студенттері ғана емес, кіші курс студенттері де қатысып, өндірістік тәжірибе алуға мүмкіндік алмақ. Жәмеңкеге жұмыс берушілер тек біздің өңірден ғана емес, көршілер Атырау, Ақтөбе облыстарынан да келген. Әсіресе, қаржы саласының мамандарына сұраныс мол. Ал Экономика және бизнес факультетін биыл 101 студент тәмамдайды.