Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастар практикасымен жұмысқа

c 16:44, 29/07/2020 c 711

0:00 / 0:00

Орал қаласында жұмыс іздеп жүргендер назарына! Жұмыспен қамту орталығы жастар практикасы және жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек күшін жинау шараларын қолға алды. Мәселен, жастар практикасы бағдарламасы бойынша күні бүгінге дейін 111 адамға жолдама берілсе, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорындарға 1600 жұмысшы қажет.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында шаралар қолға алынды. Яғни, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасының қатысушысы Альбина Болатжанова жұмыспен қамту орталығында бағдарламашы мамандығы бойынша тәжрибеден өтіп жатыр. Жас маманның ойынша, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік бар.Орал қаласында бүгінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған 2800 тұлға бар. 6300 адамға уақытша қызметке жолдама берілген. 19 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 1600 адам ақылы қоғамдық еңбекке жолданған. Жастар практикасы бағдарламасы аясында әлі де жас мамандар еңбекке тартылатын болады. Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына келіп қажетті құжаттарды жинақтауы тиіс. Бүгінде бұл бағдарлама аясында өткен жылы жолдамамен мекемелереге жіберілген 212 жас маман әлі де тәжрибеден өтуде

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.