Қаламызда жергілікті полиция қызметі оқушылар мен студенттер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алуды түсіндіру бағытындағы жұмыстарын кеңінен жүргізуде. Сондай кездесу қаламыздағы учаскелік пунктердің бірінді өткізілген болатын. Шара барасында жергілікті полиция қызметкерлері жастармен тілдесіп, жұмыс барысын таныстырды. Сонымен қатар, жастарға хаттама толтыру жолдарын баяндап, "ақылды" бейне камералармен жұмыс жасауды үйретті.
Кез-келген шағынаудандағы қала жолдарында, аялдамалардағы құқықбұзушылықты өзі іздеп тауып көрсетіп отыратын "ақылды" бейне камералардың жұмысы туралы полиция қызметкерлерінің әсерлі әңгімесін қызыға тыңдаған жастар ерекше әсерге бөленгендерін жасырмады. Жалпы қаламызда 24 учаскелік пункт бойынша 346 бейне камера бақылауы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша "ақылды" камера көмегімен 24 қылмыс, 1500 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған болатын. Айта кетерлігі, жергілікті полиция қызметіне көмек ретінде "жастар бақылауы" ұйымы құрылды. Оның құрамында қаламыздағы барлық ЖОО-нан 71 студент жұмылдырылған.