Қылқалам мен түрлі түсті бояу- сурет салу процесіндегі басты атрибут қана емес, суретшінің эмоциясы мен арман-қиялын да бейнелейді. Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында 12 аудан мен Орал қаласынан жиналған жастар сурет салып сынға түсті. Байқау талабы бойынша әр қатысушы өз туған жерінің табиғаты мен көрнекті орындарын бейнелеуі тиіс.
АСЛАНБЕК АҚШАЛОВ
«ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
София Ан бала кезінен сурет салады. Оның айтуынша, бұл өнерге деген сүйіспеншілігін ата-анасы оятқан. Жас суретші процесс барысы оған тыныштық сыйласа, бұл істен шабыт та алатынын айтады.
СОФИЯ АН
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жеңімпаздары Алғыс хат пен ынталандыру сыйақыларына ие болды. І орынға 50 мың, ІІ орынға 30 мың, ІІІ орынға 20 мың теңге көлемінде берілді.