Ел аумағында қыркүйектің 13-і мен 19-ы аралығында "Жасөспірім" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтуде. Күні бүгінге дейін шара барысында 70-ге жуық кәмелетке толмаған бала түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеге жүрген жерінде ұсталған. Бей уақытта баласын көшеге жіберген 64 ата-ана әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылыпты. Полиция қызметкерлері рейд барысында 2 баланың ішімдік ішіп, көше кезгенін анықтаған. Және ұсақ қылмыс жасаған кәмелекет толмаған балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тартқан.
Сурет https://old.elorda.info/ сайтынан көшірілді