0:00 / 0:00
Оралда футболдан жасөспірімдер арасында турнир басталды. «Ақжайық» стадионында өтіп жатқан жарысқа 14 жасқа дейінгі 100-ге жуық аяқдопшы қатысуда.Турнирге көршілес облыстардан бірнеше команда қатысып отыр. Ойында жалпы саны 9 команда өнер көрсетуде. Олар 4 күн бойы мықтылықтарын көрсететін болады. Турнирдің жүлде қоры да қомақты. Ұйымдастырушылар үздік шабуылшыдан бастап, әділ төрешіге дейін арнайы номинациялар белгілеп отыр.Атап өтейік, турнирдің мақсаты - жергілікті жеткіншектерге қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасу. Батыс өңірлік командалар арасындағы жарыс маусым айының соңына дейін жалғасады. Осыдан кейін жасөспірімдер арасындағы жарыс Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарлануда. Ал Оралдағы турнир ертең мәресіне жетеді.