Демалыс күндері облыс аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық шарасы өтті. Аталмыш шара барысында 307 жасөспірімге қатысты хаттама толтырылып, 41 кәмелет жасына толмаған баланы арнайы есепке алған. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 23:00-ден кейін қасында ата-анасы жоқ, өз беттерімен көше кезген 5 баланы арнайы орталыққа орналастырыпты. Еліміздің заңнамасына сәйкес кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер түнгі он бірден кейін көшеде серуендеуіне болмайды. Баласын көзден таса қылғандарға бірінші рет ескерту жасалады. Ал бұндай қылмыс тағы қайталанса, ата-ана 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.