Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІДЕН ҚАУІП БАР МА?

c 09:11, 25/12 c 3

0:00 / 0:00

Бұл жолғы отырыс үкімет үйінде өтпеді. Министрлер кабинеті Жасанды интеллекті тақырыбына арналған жиынды цифрлық даму министрлігінің ЭКСПО қалашығында орналасқан ғимаратында өткізгенді жөн санапты. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев орыс тілінде виртуалды ассистенттің көмегімен жаңа қызметті кезең-кезеңімен көрсетіп, баяндап шықты. Осыған қарағанда жасанды инетеллекті қазақша сөйлемей ме деген ой келді. Министр жасанды интеллект арқылы некеде тұрған азаматтарды автоматты түрде анықтайтын жйүеін таныстырды. Бұл қызметті алу үшін сілтеме беріледі және оны басып, формаға өтесің. Ол жерде азамат некеде болса, жүйе оны әрі қарай өткізбейді. Мәдиев сқрау жасап көріп еді, жүйеден өтпей қалды. Үкімет басшысы, бұл отырыстан соң цифрлық даму министрінде жұбайымен үлкен әңгіме болатынын айтып, әзілдеп жатты.

Сондай-ақ, ЖИ толық енсе көп қызметкерлер жұмыссыз қалуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Министр Мәдиев қанша қызметкер қысқаратыны туралы нақты болжам жоқ. Бірақ жасанды интеллект технологиясы бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлерді қайталанатын міндеттерден босатады. Осының арқасында қызметкерлер жоғары интеллектуалды, шығармашылық, стратегиялық жұмыстарға көбірек көңіл бөле алады. Яғни адам санасы ғана істей алатын жұмыстармен ғана айналысуына мүмкіндік жасайды. Осылайша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырғымыз келеді, - деп отыр. Қысқарту мемлекеттік органдардың жанындағы Call-орталықтардан басталуы мүмкін.

Жүйе Қазақстандағы 6 миллионнан астам отбасын цифрлық форматқа көшірді, оған е-Өтініш азаматтардың өтініштері жүйесіндегі деректер мен әкімдіктер пайдаланатын ақпарат қосылды. Мәселен, 109 қызметі. Жасанды интеллект арқылы теген дерек пен ұсыныстарды ала алдық, сондай-ақ Қазақстанның өңірлеріндегі белгілі бір саланың негізгі проблемаларын анықтай алдық", - деді министр Жаслан Мәдиев. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жасанды интеллект отбасылар арасындағы қауіп факторларын анықтағанын атап өтті. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шарушалықы мәселелері, жерді пайдалану және сот ісін жүргізу мәселелерінде де жасанды интеллектің пайдасын көреміз деп отыр шенеуніктер.

Сондай-ақ, үкімет басшысы ЖИ әлеуметтік жағынан жеткілікті түрде қорғалмаған отбасылармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныстар беріп жатыр. Мұндай ұсынымдар барлық әкімдерге жіберілуі тиіс. Жаңартылған ақпаратты апта сайын автоматты режимде жіберу қажет. Әр әкім өз жұмыс орнында осы ақпаратты ашып, қай жерде және қандай проблемалар бар екенін көре алады. Бұл жасанды интеллектінің тікелей пайдасы- деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.