0:00 / 0:00
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрінің айтуынша, бүгінгі таңда Министрлік ақпараттық жүйелер арқылы жетекшілік ететін салалардағы ресурстардың күнделікті есебін жүргізіп, нәтижесінде мұнай айналымының 95,8% цифрландырылғанын мәлімдед(і). Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрінің айтуынша, бүгінгі таңда Министрлік ақпараттық жүйелер арқылы жетекшілік ететін салалардағы ресурстардың күнделікті есебін жүргізіп, нәтижесінде мұнай айналымының 95,8% цифрландырылғанын мәлімдед(і).
БАҚЫТЖАН ІЛИЯСҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ Жүйеге 38 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы, 7 мұнай өндіруші ұйым қосылған.
Қазіргі уақытта іске асып жатқан ведомствоның цифрлық жобаларының бірі - халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған атаулы әлеуметтік көмек көрсету процестерін цифрландыру.
БАҚЫТЖАН ІЛИЯСҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ Бүгінгі таңда, өздеріңіз білетіндей, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифтер бойынша саралау бар. Біз ресурспен жабдықтаушы ұйымдардан жеңілдікті тарифтерді алу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етуіміз қажет.
Сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өтуіне мониторинг жүргізу бойынша сервисті министрлік әзірлеп жатырмыз дед(і). Жазғы кезеңде энергия кәсіпорындарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының орындалуын, ал жылыту кезеңінде - энергетика ресурстарын өндіру мен тұтынуды бақылау қажет, егер елеп-ескерілмесе Екібастұздың өткен қыстағы жағдайы қайталануы мүмкін.
БАҚЫТЖАН ІЛИЯСҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ Бұл жүйеде біз барлық субъектілерді, энергетикалық нысандарды стандарттаймыз, цифрландырамыз.
Санмен айтқанда, бұл 27 энергоблок, 336 қазандық, 351 трубина, 20,9 мың электр беру желілері, 13,3 мың км жылу желісі.