0:00 / 0:00
Оралдық жас спортшылар Қостанай өңірінде кекуншинкай каратэдан өткен аймақтық жарысынан командалық есепте 2-орынды қанжығалады. Қостанайда болған жарысқа батысқазақстандық 50 спортшы қатысқан. Сайыста Қазақстанның түпкір-түпкірінен 1000-ға жуық жас спортшы бақ сынады. Жаттықтырушылар жыл санап каратэнің кекуншинкай түріне қызығып, спортты жанына серік қылған балалардың саны артып келе жатырғанын айтады. Жеңіспен оралған жас өрендер енді республикалық және әлемдік деңгейдегі чемпионатқа қатысу үшін дайындалады.