0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысымен қоғамдық әскери-патриотық тәрбие ісі саласындағы және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. БҚО әкімі Алтай Көлгінов әскери-патриоттық қозғалыс жұмысын кеңінен насихаттау, ауылдық аймақтарда клубтар мен сыныптар ашу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамту жергілікті әкімдіктермен бірге іске асырылатынын жеткізді. «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-париоттық қозғалысы» құрамына мектептің жоғары сынып оқушылары кіреді. Бүгінде қозғалыстың филалдары облыстың барлық аудандарында жұмыс жасайды. Әскери-патриоттық қозғалыс 170 мыңға жуық жасты қамтиды. Ол негізгі төрт бағытта жұмыс істейді. Бес жыл мерзімге жасалған меморандум аясында тараптар жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасауға келісті. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің қалыптасуына бірлесе жағдай жасалмақ. Жиын соңында облыс әкіміне әскери- патриоттық жұмыстарды жетілдіру бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің төрағасы куәлігі мен «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісі тапсырылды.