Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас отбасы жарықсыз отыр

c 16:13, 02/09/2020 c 441

Бүгін 1 қыркүйек білім күні. Ал Орал қаласында мектеп жасындағы 2 бүлдіршін жарығы жоқ үйде тұрып жатыр. Қаланың дәл іргесінде тұратын Гүлшат Хамидуллиева 2 баласымен Локомотив саяжайында тірлік кешуде. Кіп-кішкентай үйшікті паналап отырған отбасы 4 айдан бері жарықсыз отыр. Балалардың сабағы болса басталды, ал жарық әлі жоқ. Саяжайдың төрайымы болса үйге жарық қосуға асығар емес. Гүлшат Хамидулиеваға екі жақты келісімге келуді ұсынып отыр. Ол қандай келісім? Тұрғындар неге наразы?
Гүлшат Хамидуллиева бұл үйге мамыр айынан бері жарық қоса алмай отыр. Қала іргесіндегі саяжайдан жер алып, жолдасы үйдің құрылысын бастаған. Ойлары үкіметке алақан жаймай, өз қалдерінше баспана тұрғызу. Бірақ соған да мүмкіндік берер емес. Жас ана 2 бүлдіршінмен 4 айдан бері жарықсыз отыр.
Гүлшат Хамидулиевға жарықты қоспай отырған саяжай жетекшісі, екі жақты келісімге қол қоюды талап етіп отыр. Ал, Гүлшат болса келісімшартқа қол қоймаймын, тек өзім тұтынған коммуналдық шығындарды ғана төлеймін дейді. Келісім шартқа қол қоймағаны үшін 4 ай бойына Гүлшат Хамидуллиева жарықсыз отыр. Біздің кейіпкеріміздің сөзін саяжай тұрғындары да қолдап отыр. Екі жақты келісім шартқа қол қоюға қарсы тұрғындар баршылық.
"Локомотив" саяжайы қаланың іргесінде тұр. 500 мың жер телімі бар. Мыңдаған адам тұрып жатыр. Олардың бәрі де жер салығын, мүлік салығын, табыс салығын төлеп отырғандар. Бірақ саяжай қауымдастығының қосымша ақша жинауы тиылар емес,- деп шағымданады тұрғындар.
Гүлшат Хамидуллиева келісімшартқа қол қоймағаны үшін 4 айдан бері жарықсыз отыр. Екі бала қалай оқиды. Гүлшат қазір саяжай жетекшісін сотқа берген. Сот процесі басталып та кетіпті.
Бізбен сөйлескен саяжай жетекшісі Гүлшат Хамидулиеваның үйіне жарықты қосу үшін ешқандай проблема жоқ деп мәлімдеді.
Енді осы жерде логикаға салып көрейік, егер жарық ешқандай проблемасыз қосылса, екі балалы әйел төрт ай бойы сенделіп, соттасып жүрер ме еді?! Бұл жерде бір шикілік бары сөзсіз. Айта кетейік, ҚР-да саяжай қауымдастықтары туралы заң жоқ. Заң болмаған жерде талай заңсыздықтың болары сөзсіз. Екінші мәселе- Үкімет халықты баспанамен қамтамасыз ете алмай отыр. Енді тым құрығында өз еріктерімен үй салып, үкіметке салмақ салмай отырған жас отбасыларға неге қолдау білдірмейді деген сұрақ мазалайды. Бір үйге жарық қосып беру осынша проблема болып тұрғаны ма? Саяжай қауымдастықтарындағы жөнсіздіктерді кім реттейді? 4 ай бойына қаланың іргесіндегі үйдің жарықсыз отыруы қаншалықты ақылға қонымды. Сабақ болса басталды, тас түнек қараңғыда 2 бала қалай сабақ оқиды? Мектеп әкімшілігі, қала әкімі неге араласпайды? Сұрақ көп, жауап жоқ.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.