Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жас отбасы" бағдарламасы іске қосылды

c 13:36, 03/07/2020 c 843

0:00 / 0:00

Еліміздің аумағында жас отбасыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды. Аталмыш бағдарламаға барлық жас отбасылар және отау құрғандарына 3 жылдан аспаған ерлі-зайыптылар қатыса алады.

Жас отбасылар үшін қуанышты жаңалық. Елімізде жас отау тіккен жандарға арналған "Жас отбасы" атты бағдарлама іске қосылды. Аталмыш бағдарламада ерлі-зайыптылардың жасына қарамайды. "Жас отбасыға" қатысу үшін ерлі-зайыптылардың заңды түрде отау құрғандарына 3 жылдан аспауы керек.

Жас жұбайлар жаңадан депозит ашып, үйдің 50 пайыз құнын жинауы шарт. Бір жылдан кейін 6 пайызбен несие рәсімдеуге болады.

Бағдарламаға қатысушылар үйдің жарты ақшасын жинап, бағалау көрсеткішін 5 баллға жеткізгеннен кейін, жаңа үйден немесе екінші нарықтан пәтер әлде жер үй алуға несие ала алады. Мамандар құжаттарды тапсыру үшін ерлі-зайыптылардың төлқұжаты мен неке қиғандығын растайтын құжат қажет,- дейді. Және банк қызметкерлері ерлі-зайыптыларға екі шот ашып, қаражат жинауға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.