0:00 / 0:00
Оралда жас мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын мектептің жаңа оқу жылы басталды. Мамандар жоғары оқу орындарында оқитын 4 курстың студенттері арасында іріктеу жүргізді. Мемлекеттік қызметшінің жұмысын үйренгісі келетін жандар түрлі сынақ тапсырып, эссе жазып, білімін дәлелдеді. Биыл іріктеуден 24 адам сүрінбей өтіп, жаңа мектепте дәріс алмақ.
2018 жылдан бастап елімізде жас мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын арнайы мектеп құрылды. 6 жылда 193 батысқазақстандық студент білім ордасында тәлім алды. Бүгінде түлектердің 21-і мемлекеттік салада еңбек етуде. Сала мамандары студент жастарды аудан мен ауылдық жерге жұмысқа орналастыруды мақсат тұтып отыр.
Биыл іріктеуден 24 жас өтті. Солардың бірі- Лауриза Қанатова. Менеджмент пен бизнес саласында білім алып жүрген студент мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйреніп алғысы келеді.
Жалпы БҚО-да 3000-ға жуық мемлекеттік қызметші бар. Олардың 32 пайызы ғана жастар. Сала мамандары облыс аумағында 108 мемлекеттік қызметшінің орны бос екенін айтады. Бос жұмыс орындарының басым көпшілігі ауылдық жерде орналасқан.