Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас келсе , іске

c 16:42, 09/06/2020 c 582

0:00 / 0:00

«Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық» деп хәкім Абайды, ХХІ ғасыр - білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қостаған болатын. Расымен, заманның талабы ма? Әлде жастардың болашаққа деген жоспары ма? Қазіргі мектеп оқушылары жұмыс жасап ақша табуға бейім. Жазғы демалыс басталысымен мектеп оқушылары базардың маңында жеміс сатып еңбек ақыларын табады. Айта берсең оқушылар жасайтын жұмыс түрі көп. Тек осы орайда оларды арзан күш есебінде жұмысқа заңсыз тартушыларға тосқауыл болмай отыр. Енді биылдан бастап жұмыспен қамту орталығы ата-аналармен біріге отырып мектепте оқушысын заңды түрде жұмысқа тарту мәселесі қаралды. Жаңа жоба бойынша 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары еңбекке араласып, тиісінше оларға жалақы төленеді.
15 маусымнан басталатын жоба бойынша жалақы көлемі 42500 теңгені құрайды. Бұл мектеп оқушысы үшін қомақты қаражат секілді. 14-16 жастағы оқушылар 24 сағат, ал 16-18 жастағылар аптасына 36 сағат жұмыс жасайды. Бұл жоба барлық мектепке қатысты. Демек, балаңыз өзі білім алатын жерде жұмыс жасағы келсе бірнеше құжат жинауы керек.

Айсәуле Искужена Орал қалалық білім бөлімінің әдіскері :

Алдымен жұмыспен қамту орталығына жеке төлқұжатымен келіп тіркелу керек. Кейін, сол мектепте оқитындығы жөнінде, және ол жазғы демалыс уақытында екендігі турасында растама құжат қажет. АТФ банкінен жеке счет ашасыз, осы счет бойынша оқушыға жалақысы түседі.

Бүгінге қаламыздағы №1 мектептің өзінде 32 оқушысы жұмысқа тартылған. Осы игі іс өзгеде білім ошақтарында жалғасын табарына үміттіміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.