Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

c 20:51, 25/11/2022 c 1482

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап қазақстандық жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз маслихатында осындай жаңалығымен бөлісті. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытудың жаңа құралы ретінде жеңілдетілген 2,5%-дық микрокредит беру жоспарланып отыр.

Жаңа жылдан бастап қазақстандық жастар кәсібін ашамын десе, 2,5 пайыздық несие алып ісін дөңгелетуге мүмкіндік бар. Еңбек министрлігінің хабаралуынша, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытудың жаңа құралы ретінде жеңілдетілген микрокредит беру жоспарланып отыр. Осыған орай 2023 жылы 5 мың 800 жас кәсіпкер микрокредит алады.

Бұл жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін жасалып отырған қадам. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жас еңбекпен қамтылады, – дейді минисртлік өкілі. Енді халыққа жұмыс тауып берудің тағы бір құралы ретінде азаматтарды қысқа мерзімде оқыту жүзеге асырылуда. Жаңа мамандық меңгергендер, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналаса алады. Жыл басынан бері 35 мың 200 адам оқытылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.