Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарықсыз , сусыз қалған ауыл

c 18:34, 26/05/2021 c 831

0:00 / 0:00

Трекин ауылында қатты жел соғып, электр желілері үзілген. Оған қоса шіріп біткен бағаналар құлап, округке қарасты екі ауыл бір күнде жарықсыз қалған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұндай жағдай жыл сайын қаз қалпында қайталанады. Тіпті облыс әкімі келіп жағдайды реттеуге уәде етіпті. Алайда сәл жел тұра қалса сымы үзіліп, істен шығатын желілер әлі де жаңармаған. Осы жолы да қатты желдің салдарынан тұрғындар жарықсыз қалып отыр.
Қуат көзі ажырағасын ауылдағы тіршілік те тежеліп қалған. Тұрғындар ауыз суды арнайы мотор арқылы тұтынады. Электр қуатынсыз ол да жұмысын тоқтатыпты. Бір күнде ауыл таза сусыз, жарықсыз қалды. Оған қоса дәл осы күндері газ құбырларында жөндеу жүргізіліп, көгілдір отын беру де уақытша тоқтаған.
Бір тәулік бойы жарықсыз, көгілдір отынсыз қалып, таза ауыз судан да ажыраған ауыл тұрғындары не істерін білмей әлек. Ұялы телефондарының да қуаты бітіп, өшіп, әп-сәтте өркениеттен жырақта қалдық деп шағымданады. Ауылдықтар қазір жарытып тамақ ішуден қалғандарын айтады. Бұл жағдайда ашқұрсақ боп, қатқан-құтқанды талғажау қылған балалары үшін алаңдаулы.
Ауыл әкімдігі жағдайдан құлақдар болып шықты. Тіпті осыған дейін облыс әкімі келіп, тексеріп бірқатар тапсырмаларды жүктеген. Ол кезде дәл осылай жарық кенет сөніп, газ беруді автоматты түрде өшіретін сенсор бөлшектеліп, ерлі-зайыптылар өз үйінде газға уланып қайтыс болған еді. Бұндай қайғылы жағдай қайталанбасына кім кепіл? Ал электр желілеріндегі ақауды реттеу үшін қосалқы станция салу ұсынылыпты. Алайда жоба тек сол жоба күйінде, қағаз жүзінде қалған. Әкімдіктің құр уәдесіне тойған ауыл тұрғындары істің соңына дейін барамыз деп бекініп отыр. Жыл сайын жарықсыз, ауыз сусыз қалу жанымызға батып бітті дейді. Жалпы Бәйтерек ауданына қарасты Трекин ауылында шешімін таппаған түйткілді мәселе көп. Ауылға кіре беріс жолдан бастап, ауыл ішілік жолдардың да сапасы сын көтермейді.

 

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.