0:00 / 0:00
Оралда апта басында болған дүлей дауылдың салдарынан 400 абонент төрт күн бойына жарықсыз отыр. Шаһардағы «Куриний» шағын ауданының жеке секторларында үзілген электр желілерін жалғап, ескілерін жаңарту жұмыстары әлі күнге жалғасуда. Сала мамандары жарық жалғау жұмыстарының созылу себебін сол маңдағы қуарған кәрі ағаштардың көптігімен байланыстырады.Табиғаттың тосын құбылысы дүйсенбі күні дүйім жұрттың зәресін ұшырды. Айналдырған 6 сағаттың ішінде шаһарымыздағы алты мың баспана жарықсыз және ауыз сусыз қалды. Солардың ішінде "Куриний" шағын ауданының жеке тұрғын үй секторлары бар. Аталған аудан тұрғындары 4 тәулік бойы электр тоғынсыз отыр.Төтенше жағдай орын алған сәттен бастап құзырлы мекеме қызметкерлері уақытпен санаспай қызмет етуде. Аталған ауданда бүгін де жарық болмауы бек мүмкін. Себебін мамандар былай түсіндіреді. Қазір бұл ауданда 30-ға жуық қураған ағаш бар дейді сала мамандары. Олардың барлығы оталып қауіпсіз аумаққа тасылмақ.