Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарық бағасы өсті

c 16:22, 28/04/2021 c 955

0:00 / 0:00

Оралда электр энергиясының тарифі өсті. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары мәлімдеді. Энергетиктер монополистерден тарифті екі есеге қымбаттатуды сұраған еді. Бүгінде тұтынушылар 1 кв электр энергиясын тұтынғаны үшін 15 теңге төлейтін болады.«Батысэнергоресурс» ЖШС мамандары Қарашығанақтағы газ турбиналық станцияны жөндеуге байланысты сатып алынатын электр энергиясының өзіндік құны өскенін атап өтті. Оған қоса компанияның қордаланған қарызының салдарынан бүгінде электр стансаларындағы құрылғыларды жаңғырту мүмкін болмай отырған көрінеді.
Табиғи монополияларды реттеу басқармасының мамандары коммуналдық тарифтің қымбаттауы арнайы заңмен реттелетінін мәлімдеді. Оралдықтар жарық бағасының өсуі қалыпты жағдай деп есептейді. Мәселен, бір отбасында үш адам болса, онда айына 150 КВт электр энергиясы тұтынылғаны үшін бұрынғыдан 500 теңгеге артық ақы төленеді. Айта кеткен жөн, бұдан бұрын жанар-жағармай мен сұйытылған газдың қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз. Мамыр айында ауыз су тарифінің құнында да өзгерістер болуы мүмкін. «Батыс су арнасы» ЖШС арызы бүгінде саралану үстінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.