0:00 / 0:00
Бөрлі ауданына қарасты Жарсуат ауылының жолдары келесі жылы жөндеу көрмек. Ақжолтай хабар күз бен көктемде балшық кезіп түрген ауыл тұрғындарын қуантты. Жол салу үшін жобалық-сметалық құжатты "Ақжол" партиясының Бөрлі аудандық мәслихат депутаты Серік Дүйсенов өз қаражат есебінен жасатыпты. Бүгінгі таңда ауылдың 8 көшесінің құжаты дайын
Бұл-Бөрлі ауданына қарасты Жарсуат ауылдық округі. Құрамына үш елдімекен кіреді. Округте 1500 -ге жуық адам мекендейді. Ауыл тұрғындары көгілдір отын мен ауыз сумен қамтылған. Десекте, жарсуаттықтарды жолдың жоқтығы қинап келген еді. Көктемде балшықтан, жазда шаңнан көз ашпайтын.Тұрғындардың көңілі көтеріңкі. Енді бірнеше жылдан бері шешімін таппай келетін мәселеге нүкте қойылмақ. "Ақжол" партиясының аудандық мәслихат депуттаттары жол салу үшін жобалық-сметалық құжатты дайындауға 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлді.
Аудандық мәслихат депутаты Серік Дүйсенов желтоқсанда ауыл тұрғындарымен кездескенде, өзекті мәселе ортаға салынғанын айтады. Ақ жол партиясының депутаты 8 көшенің жолына жобалық-сметалық құжат жасатып, оны сараптамадан өткізген.
Жарсуат ауылының 4 шақырым жолы келесі жылы "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы арқылы салынбақ.