Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАРАҚАТ АЛҒАН ЖЕТКІНШЕКТЕР

c 16:56, 21/07/2022 c 2534

0:00 / 0:00

2022 жылдың алты айында жарақат алып, аяқ-қолын сындырып, күйік шалып, облыстық балалар ауруханасына жолыққан науқастардың саны 8900-ға жетіпті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 5900-ды құрапты. Дәрігерлер жыл санап жарақат алатын балалардың саны өсіп келе жатыр деп дабыл қағуда.

Дәрігерлер жарақат алып, емдеу мекемелерінің есігін қағатын балалардың саны жыл санап артып бара жатырғанын айтады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың алты айында балалар ауруханасына көшеде құлап, күйік шалып, қол-аяғы сындырып, басынан соққы алған 8900 бала қаралыпты. Дәрігерлер ауыр жарақат алған науқастар аурухана кереуетіне таңылды,-дейді.

Жазғы мезгілде көшеде ойнап жүріп, әпкеншектен құлау, түрлі алаңдарда басы мен денесін соғып алатын жағдайлар көптеп тіркелген. Қазіргі таңда травматология бөлімінде сондай 29 науқас емделіп жатыр.

Жазғы уақытта жоғарыдан құлау жағдайлары да жиі болады. Абайсызда терезеден құлаған 2 бала ем-дом қабылдаған. Дәрігерлер бауыр беті балаңызды көзден таса қылмай, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін түрлі факторлардан сақ болуға шақырады.

Sports injury. Doctor makes a bandage on head patient, on white.

Сурет https://company.medelement.com/сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.