0:00 / 0:00
Қала күніне орай Зашаған кентінде жөндеуден өткен кітапхана өз жұмысын бастады. Күн өткен сайын халқы көбейіп келе жатқан ауданда орналасқан мәдениет ошағы коворкинг орталығының қызметінде қатар алып жүрмек.
Қала күні қарсаңында Зашаған кентіндегі ескі кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, оқырмандарға табысталды. Жөндеу көрген жаңа нысан енді кітапхана мен жастарға арналған коворкинг орталықтың қызметін бірге алып жүрмек.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жұмыс жасап келе жатқан руханият ошағы бүгінде 4000 оқырманға қызмет жасайды. Жаңарған ғимарат заман талабына сәйкес, қажетті техникамен жабдықталған.
Соңғы жылдары қарқынды дамып, тұрғындар саны артып келе жатқан кентте орналасқан кітапхананы жөндеу үшін 7 млн теңге қаражат бөлінген.
Орал қаласы бойынша орталықтандырылған 19 кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда олардың 4 мәдениет ошағына жөндеу қажет.
Қала күніне арналған негізгі мерекелік шаралар 7-қыркүйекте өтіп, Петр Атоян атындағы стадионда гала концертпен қорытындыланбақ.