Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңарған кәсіпорын

c 17:31, 23/07/2020 c 668

0:00 / 0:00

БҚО-ның Теректі ауданында жаңғыртудан кейін өсімдік майын өндіретін «Теректі май комбинаты» ЖШС күніне 140 тоннаға дейін өнім шығаруда. Мұнда орнатылған еуропалық құрал-жабдықтар мен заманауи технология өндіріс көлемін екі еседей арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, бұрын жылына 20 мың тонна шикізат өңделсе, қазір 45 мың тоннаға жетеді. Бұрын майлы дақылдардан 30 пайыз май алынса, енді жаңа желі арқылы 43 пайызға дейін алуға болады. Анығырақ айтқанда, бұрын тәулігіне 70 тонна шикізат өңделіп, 20 тонна май алынса, қазір бұл көрсеткіштер сәйкесінше 144 тонна және 50 тоннаға жетіп отыр.Аталмыш зауытқа мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілген. Көп қаражат құйылып, жаңадан технологиялар әкелінуінің нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір қажетін өтеумен бірге шетелге өнім шығаруға мүмкіндік туған. Екіншіден, бұл шаруа қожалықтарына да тиімді. Олар өсірген майлы дақылдарын осында өткізеді. Жаңғырту жұмыстарына барлығы 2,3 млрд теңге кеткен. Жаңадан бу қазандығы орнатылып, шикізат дайындайтын, дәнді сығымдап, тазартатын, экстракциялайтын цехтар іске қосылды. Дәнінен ажыратылған күнбағыс қабығы жағылып, одан бу өндіріледі.Мұнда өсімдік майының «Белес» күнбағыс майы деп аталатын екі түрі, яғни тазартылған, иіссіздендірілген, мұздатылған, оған қоса рафинадталмаған түрлері өндіріледі. Зауыт өнімдері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында сатылуда. Жақында «Белес» майының 50 тоннасы Өзбекстанға жөнелтілді. Ең бастысы, өнім халықаралық талаптарға сай келеді. Күні бүгін зауытта 150-ден астам адам тұрақты еңбек етеді. 80 пайызы жергілікті тұрғындар.Алдағы уақытта кәсіпорын аясын одан әрі кеңейтіп, маргарин мен май, құрамажем, ауыз су өндіру көзделуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.