Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢАҚАЛАЛЫҚ ШАРУАЛАРҒА 511 МЛН ТГ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

c 17:15, 16/07 c 48

0:00 / 0:00

Жаңақала ауданында мал шаруашылығы – негізгі ресурстардың бірі. Аудан бойынша 93 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Ірі қара малының үлесі 24,5 пайызды құрайды. 2024 жылдың 6 айында шаруаларға 511,3 млн тг, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 57 млн тг субсидия төленген. Сондай-ақ «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 140 млн тг жеңілдетілген несие берілген. Мұндай жұмыстар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында да жалғаспақ. 1700-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі ауданның кәсіпкерлік саласын көркейтуге үлес қосуда.

АЛПАМЫС КӨШКІНБАЕВ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңақала ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде Қырқопа ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріліп, Жаңақала ауылында 4 шақырым автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. Алда Мәстексай ауылының 1,9 шақырым ауылішілік жолына қатқыл табанды жол салынады. Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан Карманов мектебін жаңа оқу жылына дейін аяқтау күтілуде. Бұдан бөлек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жоспары бар.

АЛПАМЫС КӨШКІНБАЕВ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ауданымызда 2027 жылға дейін ауылдық елді мекендерде жоспарға сәйкес барлығы 9 медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.