Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жылдың әлегі

c 18:28, 01/01/2020 c 803

0:00 / 0:00

Әкімдер мен министрлер жаңа жыл мерекесінде жайбырақат  жүре алмайды. Себебі, Үкімет басшысы Асқар Мамин оларға күшейтілген режимде жұмыс істеуде тапсырды. Үкіметтің 2019 жылдағы соңғы отырысында премьер-министр, жаңа жылда  кімнің қандай жауапкершілігі барын тізбектеп берді.

2019 -доңыз жылы да тәмам болды. Алда 2020- тышқан жылы тұр. Жаңа жылдың әлегі көп. Осы күні бірі дастархан жаю қамымен әбігер боп жатса. Енді бірі жақындарына сыйлық іздеп, аяз атаның рөлін орындауға жан салып жүр. Не керек мерекелік көңіл керемет. Баладан бастап, үлкендерге дейін жаңа жыл түнінде бір ғажайыпқа сеніп, тілек тілеп, келер жылдан көп үміт күтеді. Сол сияқты министрлер де жаңа жылды дәстүрлі әдіспен қарсы алады екен. Біз ойлағандай шетел аспаймыз, демалуға бармаймыз  деп отыр.

Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интергарция министрі; «Әдеттегідей, кеңес дәуірінде тудық ғой, сол дәстүрмен қарсы аламыз. Дастархан басында, винегрет, оливье салаттары дайындалады. Президенттің құттықтауын тыңдаймыз. Менің тілегім-келер жыл бәріңізде сәтілік, денсаулық болсын!»

Берік Шолпанқұлов – ҚР қаржы вице-министрі; «Сол баяғы дәстүр, отбасы мерекесі ғрй. Үйде боламыз. Жаңа жыл қарсы алған соң, сыртқа шығып от шашу атамыз. Тек жақысылық болсын деп тілеймін!»

Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі; «Әдеттегідей үйде отбасыммен, ата-анаммен, балаларыммен қарсы аламын.»

Министрлер де адам ғой, олардың да отбасы бар.Алайда  жаңа жылды мерекелей отыра, мемлекет алдындағы, халық алдындағы міндетін ұмытпаулары керек. Оны Үкімет басшысы Асқар Мамин естеріне салып қойды. Алдағы мереке күндері қазақстандық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал энергетика министріне жылу мен электр энергиясының үзілмеуін жіті тапсырса, әкімдерге қырағы болуға туралы келеді.

Осы жұмыстардың барлығын  бақылауды орынбасары Роман Склярға жүктеп қойды. Еске сала кетейік, қазақстандықтар Жаңа жылда төрт күн демалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.