Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жылдағы жаңашылдық

c 15:29, 08/01/2019 c 744

0:00 / 0:00

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу заң жобасына өзгерістер енді. Аталмыш жаңашылдықты бірінші болып, мемлекеттік сатып алуға ниетті тұтынушылар айқын сезінуде. Бұдан былай мемлекеттік сатып алулар жарияланатын портал ақылы түрде қызмет жасайды.

Мемлекеттік сатып алу процесін жеңілдету ісінде енгізілген жаңашылдық бір көзден сатып алатын шекті сомманың көлемін ұлғайтылуға мүмкіндік береді. Мәселен, бұрын аталмыш сомма 100 айлық есептік көрсеткішті құраған еді. Қазір бұл сомма 500 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтіліп отыр. Сондай-ақ, тапсырыс берушілер баға ұсыныстармен бірге тауардың қандай фирмадан болу керектігін де көрсете алады. Сала мамандары бұл тапсырыс сапасының артуына үлес қосады деседі.

Биылғы жылы орын алған жаңашылдықтардың қатарында қаржылық тұрақтылық атты кретерий қолданысқа енді. Яғни, бұл жаңашылдық мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген компаниялардың салық төлеуі, негізгі қаржысының болуы мен еңбекақының төленуі сынды параметрлерді анықтауды көздейді. Жоғарыда аталған ақпараттарды мемлекеттік кірістер департаментінен алынатын болады. Бұл өз кезегінде салықтың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш жаңашылдықтардың қалай қолданысқа еніп, нәтиже беретіндігі әзірге уақыттың еншісінде қала бермек.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.