0:00 / 0:00
Күн сайын Орал қаласында 8-9 адамды ит тістеп дәрігер көмегіне жүгінеді. Ветеринарлар әсіресе бағусыз жануарлардың адам өміріне қауіпті екенін айтады. Күн суытып, қысқарған кезде қараусыз көше жануарлары мектеп оқушыларына шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан жабайы жануарлардан сақ болған дұрыс. Биылғы жылдан бастап бұралқы жануарларын оқшаулаудың жаңа тәртібі енгізілді. Яғни кезбе жануарлар бұрынғыдай бірден оқшауланбайды. Олар алдымен мал дәрігерлерінің тексеруінен өтіп, түрлі жұқпалы ауруға қарсы вакцинацияланып, кейін қайта босатылады. Биыл бұл салаға қазынадан 28 млн. теңге бөлінген.
Қараусыз жүрген үй хайуанаттары оқшаулауға арналған Оралда бір нысан бар. Сондай-ақ, еріктілерден құралған екі топ көше бойында жүрген жануарларды өз бетінше аулап, оларды бағып қағып, ниет танытқан жандарға тапсыруда. Бүгінде шамамен олардың қолдарында 400-ден ит пен мысық бар. Әсіресе, бұралқы жануарлар қаланың шеткі аудандарында яғни жеке тұрғын үй секторларында жиі кездесіп жататындықтан, осы аудан тұрғындары сақтық шараларына баса мән беру керек. Биылғы жылдың 9 айында жануарлар арқылы паразиттік ауруға шалдығу дерегі тіркелмеген.