0:00 / 0:00
Орал қаласында апатты деп танылған 43 тұрғын үй бар. Олардың басым көпшілігі өткен ғасырда бой түзеген ғимараттар. Бүгінгі таңда апатты саналатын 7 үйдің орынына жаңадан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш үйлердің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асуда. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде аталмыш жоба арқылы құрылысы аяқталған 90 пәтер тұрғындарға тапсырылғаны мәлім. Шаһар басшысы 3 жақты келісім арқылы бой түзеп жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.