Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ТӘСІЛМЕН ОҚЫТУ

c 14:16, 26/09 c 42

0:00 / 0:00

Білім саласын реформалау, мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырудың жаңа тәсілдері талқыланған халықаралық конференцияға Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Финляндия, Швеция, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары бастаған 30 елдің танымал сарапшылары, ғалымдары, практик педагогтер мен докторанттары қатысты. Бұл шараға қазақстандық 500 педагог қатысып, «сабақты зерттеудің жаңа тәсілдерін енгізу» бойынша тәлім алды. Айта кетеу керек Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып әлемдік білім беру саласындағы ең беделді форумдардың бірін өткізіп отыр. Бұл отандық мұғалімдерге жаһандық форумға қатысуға мүмкіндік берді дейді ұйымдастырушылар. Осылайша әлемдегі ең табысты мұғалімдер бас қосты. Конференция алаңында заманауи педагогиканың танымал басымдықтарына арналған симпозиумдар, постер сессиялар, шеберлік сағаттары және елордалық мектептерде кездесулер өтті. Жиынға қатысқан үікмет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова біздің елде білім саласында қолға алынып жатқан шараларды айтып берді.

Мамандардың айтуынша, сабақты зерттеу тәсілінде оқушының белгілі бір пәнге қызығушылығын арттыруға басымдық беріледі.

Бұл әдіс он жыл бұрын Жапонияда пайда болған. Бүгінде халықаралық деңгейде белсенді түрде қолданылады.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында пәнді түсіну, ұғыну тәсілдерін бірлесіп зерттеуге,оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілді Назарбаев зияткерлік мектебі он жылдан бері қолданып келеді. Енді оны басқа да мектептерде кеңінен қолдану көзделіп отыр.

«Сабақты зерттеу» тәсілі әрбір мұғалім үшін қажетті тәжірибе. Себебі қазіргі оқушылардың оқуға ынтасын ашып, қызғушылығын арттыру үшін қарапайым ережені қолдануға болатынын көріп отырмыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.