0:00 / 0:00
Күн өткен сайын қала халқының көлемі артып келе жатқандықтан, тіршілік нәріне деген сұраныс та жоғары. Сол себепті 60 жылға жуық уақыт орал халқына қызмет етіп келе жатқан су тазалау станциясы жаңартуды талап етіп отыр.
АЛЕКСАНДР СЕМЕНОВ,"Батыс су арнасы" жшс бөлім басшысы:
Бұл заман талабы. Өйткені 50 жылдан аса уақыт оралдықтарды таза сумен қамтамасыз етіп отырған су тазалу стансасы ескірді. Өткен жылы Алматылық «Комфорт » ЖШС біздің құрылғыларды тексеруден өтікізіп, ескіргенін айтты. Біз де мұнымен келісеміз. Өйткені қазір өте жоғары сападағы жаңа қондырғылар шығып жатыр. Заман талабынын қалмай халықты таза сапалы ауыз сумен қамту біздің мақсатымыз.
Қазір «Батыс су арнасы» ЖШС тұрғындар үшін күніне 30 шаршы метр ауыз суды тазалудан өткізуде. Деседе бұл көрсеткіш болашақта тұрғындарды толықтай ауыз сумен қамтиды деген сөз емес. Яғни жаңа шағын аудандардың бой көтеруі суға сұранысты артуына себеп. Ал жаңадан бой көтеретін су тазалу станциясы қазіргі атақарылып жатқан жұмысты екі есе жеңілдетіп сәйкесінше тазаланатын судың көлемін бірнеше есеге көбейтетін болады.
Жаңа станциясының құрылысына жергілікті билік рұқсат берген. Бүгінде жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Құрылыс 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.