Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа оқулықтардан тағы да дау шықты

c 09:12, 12/08/2019 c 708

0:00 / 0:00

Кеңес барысында министр Асхат Аймағамбетов оқулықтарды сараптау рәсімін және республикалық ғылыми-практикалық "Оқулық" орталығының жұмысын сынға алды. Жыл сайын оқулықтардың сапасы туралы сан мәрте айтылып келеді. Оқулықтардың сапасына байланысты халықтың наразылықтары көп. Біз бұл наразылқтарды ескеріп, келісуіміз керек. Біреу оларды қате деп есептейді, енді біреуі техникалық қателік деп атайды, бірақ, қоғамды бұл қызықтырмайды, - деп атап өтті Білім және ғылым министрі. Бүгінде көпшіліктің шымбайына батқан оқулықтарды басып шығару жұмыстары аяқталып, оқулықтардың 40 пайызы облыстарға жеткізілуде. Бұның ішінде біздің де өңіріміз бар.

Сонымен қатар, лицензиясы жоқ баспа орталықтары оқулықтарға қойылатын талаптардың бірін де ескермей, тек пайда табу үшін нарыққа жалған өнімдерін ұсынып әлек.

Жиын соңында білім және ғылым министрі мұғалімдерді іріктеп, олардың оқығандығы жөнінде куәлік беру, оқулықтар авторларын курстан өткізу, электронды платформа арқылы баспаларға айтылған ескертулерді бақылау сынды оқулықтардың сапасын жақсартудың 10 қадамын ұсынды. 2018 жылдың өзінде мемлекеттің білім беру саласына кететін шығыны көлемі - 2 трлн теңгені құраған. Қазіргі оқулықтардың өрескел қателерін түзету үшін ел қазынасынан енді қанша қаражат бөлінбек?! Ал, қазына қаржысы халықтың ақшасы.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.