Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?

c 21:51, 15/08 c 30

0:00 / 0:00

Мектептерде орын жетіспей, үш аусымда оқыту мәселесі әлі де толық шешілмеген. Оқушы орнының тапшлығын шешу үшін жаңа білім беру ордалары бой көтергенімен, жылдан жылға бұл мәселе қайталануда. Өткен жылдары республика бйын¬ша 270 мың оқушыға орын жетпеген. Жаңа мектептердің салғанымен миграциялық және демографиялық өсім артып, оқушы саны көбеюде. Ұлттық статистика бюросының дере¬гіне сүйенсек, Қазақстанда 7 687 жалпы білім беру мекемесі бар. Оның ішінде 52 мек¬теп – апаттық жағдайда тұр. 300-ден ас¬там мектеп заманауи талаптарға сай кел¬мейді. Өткен оқу жылында оқушы¬лардың саны 3,7 миллионды құрады, оның 172 мыңы мектеп бітірді. Бұл мәселе биылға жаңа оқу жылында да толық шешімін таппаған. Жайлы мектептер де салынып жатыр. Оның өзі оқушы орнымен толық қамтыдық деп айтуға келмейді.Ал Астанада оқу жылының басында 187 мектеп жұмысын бастайды. Онда 282 150 оқушы оқиды. Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың бала қабылдау жоспары бар. Өткен оқу жылының соңында елордада 8 үш ауысымды және 16 тығыздалған мектеп жұмыс істеген. Мектептердегі тапшылық 27 800 мың оқушы орнын құрады. Осы мәселені шешу үшін биыл екі ауысымда 100 мыңға жуық оқушы орнына 32 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Сенғазыевтің айтуынша, үш ауысымда оқитын 7 мектептің орын тапшылығы мәселесі келесі жылы шешіледі. Өкінішке орай, елорданың өзінде 50-60 жылдары салынған апатты мектеп әлі жұмыс істеп тұр.

Педагогтердің тамыз форумында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жалпы ел бойынша 249 мектепте оқушыға орын жетпей жатыр. Бүгінгі таңда республика 106 үш ауысымды мектеп бар. Соның 92-ң мәселесі биыл шешіледі деп мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.