Еліміздің ұлттық банкі "Астана 20 жылдық мерейтойына орай 5000, 500 және 100 теңгелік номиналдарды айналымға шығарды. Бұл монеталар "Есте қалған оқиғалар мен біртуар адамдар" деген сериямен жарық көрген. 5 мың және 5 жүз теңгелік номиналдар күмістен жасалынса, ал 100 теңге мельхиор қоспасынан жасалынып шыққан. 5000 теңгелік монетаның салмағы 1 кг құрайды. Оның диаметрі 100 мм, салмағы бір килограм болатын монета таралымы 200 данамен жарыққа көрді. Ал, 500 теңгелік номиналдың салмағы 31 грамды құрайды. 100 теңгелік монета 3000 мың данамен жарыққа шығыпты.