0:00 / 0:00
Демалыс күндері Ақжайық ауданына қарасты Чапаев ауылында қалқымалы көпір ашылды. Салтанатты шараға ауыл ақсақалдары мен облыс әкімі қатысты. Жаңа көпір Жайықтың сол жағасында орналасқан 19 елді-мекеннің 10 мыңға жуық тұрғынын облыс орталығымен қатынасын шешіп отыр. Яғни, бұрындары ауыл тұрғындары өзенді кесіп өту үшін Атырау облысына қарасты Индер ауданының орталығына немесе Орал қаласы арқылы кесіп өтетін еді. Енді жаңа көпірдің көмегімен 250 шақырымдық жол қысқарып, тұрғындардың қыруар уақыты үнемделмек. Көпірдің құрылысы үшін облыстық бюджеттен 175 млн теңге қаражат бөлінген. Жаңа нысанның ұзындығы 126 метр, ал ені 6 метрді құрап, көпір 3 бөліктен тұрады. Ажыратылмалы бөліктен тұратын көпірдің құрылысы алты айда аяқталып отыр.