0:00 / 0:00
Еліміздің төрт өңірінде карантиндік шаралар күшейтіледі. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Атырау облыстарында жағдай күрделеніп кетті. Ел бойынша індет жұқтыру мен өлім-жітімнің 55%-ы осы өңірлерге тиесілі. Сол үшін төрт аймақта карантин күшейтілді. Соңғы тәулікте елде ковид жұқтырғанда саны 5 мың науқастан асып жығылды. Елорада 1,5 мың адам тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бүгіннен яғни 15 шілдеден бастап Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулығы сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіліп отыр.
Елдегі эпид ахуал күннен күнге өршіп барады. «Қызыл аймаққа» кірген өңірлер қатары да көбейіп жатыр.Қызылорда облысы да «қызыл аймаққа»енді. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстарында жағдай күрделеніп кетті. Елордада соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны 1,5 мың адамнан асты. Үкімет басшысы осы төрт өңірде карантиндік шектеулерді күшейтті. Қалааралық және қалалық автобустар уақытша жүрмейді. Жабық жағажайлар мен аквапарктердің, аттракциондардың қызметі тоқтатылады. Демалыс күндері «Аshyq»-қа қатысатынына қарамастан, сауда үйлерінің, спорт және мейрамхана, дәмханалардың, моншалардың, кинотеатрлардың, театрлардың, не керек барлық бизнес субьектілерінің, банктердің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады. Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін қысқарады.
Халық денсаулығы үшін енгізіліп отырған карнатиндік шектеулердің екінші жағы бар. Бұл шектеулер ел бизнесін тұраталып тастап жатыр. Ал денсаулық сақтау министрлігі әзірге індетпен күрестің басқа жолын ұсына алмай отыр. Карантиндік шектеулер енгізіле берсе, кәсіпкерлер табысынан түгел айрылып, тоқырауға ұшырайды.
Сондай-ақ, премьер –министр әкімдерге вакциналау қарқынын күшейтуді жүктеді. Бұл орайда еліміздің бас санитары жаңа қаулысын енгізіп үлгерді. Қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлер жұмысқа келе алмайды.
Бұл талаптың тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатыстысы жоқ. Сондай-ақ, халықты жаппай вакцинациалауға қатысты екпе салдыру мерзімі ұзартылды. Соңғы үш ай ішінде ковидпен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, осы жылдың 10 тамызына дейін екпенің бірінші компонентін, ал 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алып үлгеруі керек.