1993 жылы өз жұмысын бастаған эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы осы кезге дейін ескі балабақша ғимаратында орналасқан еді. Көне ғимаратта 500 астам оқушы үш ауысыммен білім алып келді. Жаңа нысанның құрылысы 2019 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мектептің құрылысына «КПО б.в.» компаниясы есебінен 1,7 млрд. теңге қаражат бөлінген.
850 оқушы жаңа оқу жылын білім ордасында бастамақ. Бірінші сыныпқа 140-тан астам бүлдіршін қабылданатын болады. Математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға бағытталған мектепте сапалы білім беруге барлық жағдайлар жасалған. Салтанатта шараға қатысқан өңір басшысы Ғали Есқалиев өз лебізін білдірді.
Жаңа білім ордасындағы 1-4 сынып оқушылары үш мезгіл тамақпен қамтылған. Мектепте математика, биология және гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту жолға қойылған. Биылдан бастап жеті қазақ сыныбы ашылып, оқушылар сынақ арқылы қабылданыпты. Мектепте 77 ұстаз болса, соның 53%-ы жоғары санатты ұстаздар.
3 қабатты болатын білім ордасында 24 сынып бөлмесі бар. Жалпы аумағы 13000 шаршы метр.