0:00 / 0:00
Оралда "Stem" зертханалық кабинеті ашылды. Аталмыш кабинет Жұбан Молдағалиев атындағы №2-ші мектепте жұмыс жасамақ. Жаңа бағдарлама "Цифрлы Қазақстан" аясында іске асып жатыр.
Оралдық оқушылардың білімі мен білігін шыңдайтын жаңа бағдарлама іске қосылды. "Stem" деген атауға ие жаңашылдық барлық жаратылыстану ғылымдарының негізін, түрлі технологиялардың құрылысын, түрлі сынықтарды виртуалды түрде жасауға мүмкіндік береді
Орал қаласында жаңа бағдарлама №2-ші мектепте он күн бұрын іске қосылған. Педагогтар жаңа бағдарламамен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мен қосымша білім беріп, алған білімдерін тәжірбиемен ұштастыруға болатынын айтады.
"Stem" қазіргі таңда қаланың 7 мектебінде жабдықталып, 15 білім нысанын осындай жаңа бағдарламамен қамту жоспарланып отыр.